Зариф пен Сартадж Азиз Иран мен Пәкістанның ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i24570
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Пәкістанның жақсы саяси қарым-қатынастарына тоқталып, екі елдің электр тасымалдау, энергетика, банктік істер, кеден саласындағы ынтымақтастықтары мен шекаралық байланыстарын маңызды деп бағалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 22, 2017 14:29 Asia/Almaty
  • Зариф пен Сартадж Азиз Иран мен Пәкістанның ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Пәкістанның жақсы саяси қарым-қатынастарына тоқталып, екі елдің электр тасымалдау, энергетика, банктік істер, кеден саласындағы ынтымақтастықтары мен шекаралық байланыстарын маңызды деп бағалады.

Мұхаммад Джавад Зариф Пәкістан Премьер-министрінің Сыртқы істер жөніндегі орынбасары Сартадж Азизбен Теһрандағы кездесуінде: «Белгіленген қарым-қатынастарды алға ілгерілету және жобаларды іске асыруды жылдамдату саласындағы ортақ талпыныстардың арқасында екі ел мен аймақтың мүддесін көздейтін екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың дамуына куә боламыз деп күтеміз»,- деді.

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары Сартадж Азиз де бұл кездесуде Теранға қайтадан сапармен келуіне, сонымен бірге Зариф пен Иранның басқа да жоғары лауазымды қайраткерлерімен кездесуіне  ризалығын білдіріп, Пәкістанның лаңкестерге қарсы шара қолданып жатқанын қуаттады.