Теһран конференциясы – Палестинаны заңды қолдаудың көрінісі
Интифаза мен Құдсты қолдайтын Теһран конференциясы араб-батыс үкіметтері Палестина мәселесін маңызды емес етіп көрсетуге әрекеттеніп отырған жағдайда өтуде.
Интифазаны қолдайтын алтыншы конференция Теһранда ақпан айының 21 күні басталды. Жауап беруді қажет ететін Палестинаға қатысты көптеген сұрақтар бар. Бұл сұрақтардың қатарына неліктен кейбір мемлекеттер Палестина тақырыбын жауып, оның ислам әлемінің негізгі мәселесі болғанын қаламайды деген сауал кіреді. Бұл сұрақтың жауабы сионистік режимнің қылмыстарының алдында өзектілікке ие болады. Сионистік режим аймақтағы Батыстың ең маңызды одақтасы. Бұл режим негізінде Британия және АҚШ тарапынан құрылған болатын. Израиль режимінің болмысы – жасанды, заңсыз. Өйткені бұл режимнің жері болмаған. Израиль Британия мен АҚШ-тың қолдауымен Палестина жерін басып алып, басқыншылығын жалғастыруда. Сондықтан Израиль мен одақтастарының көзқарасы бойынша Палестина мәселесі мен оның зұлымдық көріп жатқаны маңызсыз етіп көрсетілуі қажет. Сонда Израильдің қылмыстары, әсіресе Палестинаның жерлерін басып алуын жалғастыруы мен қалашықтар салуы жасырын қалады.
Палестинаға қатысты келесі сұрақ – Палестинаның араб мұсылман елі болуына қарамастан, неліктен араб әлемінің уәж айтатын Сауд Арабиясы сынды елдері Палестинаның зорлық-зомбылық көрген елін қолдаудығ орнына Израильді жақын тартады? Әрине, араб елдерінің көбінің басшыларының билік басына келуі үшін Батыстың, әсіресе АҚШ-тың қолдауына борыштар екенін ұмытуға болмайды. АҚШ-тың араб басшыларын қолдауының негізгі шартының бірі сионистік режимге дұшпандық білдірмеу және онымен қарым-қатынастарын жақсарту болуда. Басқа жақтан, Палестина араб мұсылман елі болғанымен, Палестина мен мұсылмандарды қолдау араб елдер басшыларының көбі үшін заңды және қалыптасқан мәселе емес. Басқаша айтқанда, Палестинаның мақсаттарын қолдау араб халықтары үшін маңызды, бірақ араб басшылары мен үкіметтерінің көбі халық тарапынан сайланбағандықтан, олар халықтарының қалауына мән бермейді.
Батыс үкіметтерінің Палестинаның зорлық-зомбылық көруі мен Израильдің қылмыстарын көрсеткілері келмейтіндігі мен араб басшыларының көбісінің Батыстың қолдауына ие болу үшін Израильге жақын болуына байланысты ИИР әртүрлі жолдармен Палестинаға қолдау көрсетуде. Осы тақырыпта Теһран конференциясын өткізу – Интифаза мен Құдсты қолдаудың бір түрі. Палестинаны қолдау ИИР-да қалыптасқан мәселе. Өйткені, Теһран конференциясының басталуында Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани айтқандай, Иран Конституциясының 3, 11, 14, 152 және 154-ші негіздерінде исламдық елдердің бірлігі мен әлсіздерді қолдау туралы айтылған. Палестина – зұлымдыққа ұшыраған елдердің көшбасшысы. Теһран конференциясы Палестина халқының заңды құқықтары мен Израиль режимінің сол құқықтарды бұзатын қылмыстарын көбірек әшкере ете алады.