Сақшылар корпусының "Ұлық пайғамбар" атты жаттығуы аяқталды
Ақп 22, 2017 22:09 Asia/Almaty
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күшінің қолбасшысы бригада генералы Мұхаммад Пакпур елдің орталық және солтүстік-шығыс аймақтарында "Ұлық пайғамбар" атты үш күндік жаттығудың аяқталғанын хабарлап:
«Осы қауіпсіздік- қорғаныстық жаттығу жаяу әскер, әуе күші мен командирлер бөлімшелерінде алдын ала белгіленген барлық мақсаттарға қол жеткізу арқылы аяқталды» деді. Пакпур жүйені қорғаушы күштердің кез-келген ықтималды қауіп- қатерге тосқауыл қою үшін сақадай сай тұрғанын көрсетуді осы жаттығуды өткізудің ең маңызды үндеуі деп атады.