Ислам революциясының басшысы Палестинаны азат ету стратегиясын баяндады
(last modified Fri, 24 Feb 2017 10:28:28 GMT )
Ақп 24, 2017 16:28 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының басшысы Палестинаны азат ету стратегиясын баяндады

Ресей шиіттері қоғамының басшысы Теһранда «Палестина интифазасын қолдау» атты алтыншы халықаралық конференцияның сәтті өткеніне тоқталып: «Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің Палестинаға қарсы қастықтарын еске салып, әлемдік сионизм деген сұм құбылысқа қарсы күресу стратегиясын баяндады» деді.

Низами Балогланов Иранның Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни Құдс әлемдік күнін белгілеп, Палестинаны ислам әлемінің басты мәселесі ретінде қалыптастырды. Сондықтан исламдық елдер басқыншылардың торына түскен палестиналықтарға көмектесу үшін осы саясатты үлгі тұтуы  керек. ДАИШ пен Джабхат ан-Носрат сынды лаңкестік топтар ислам әлеміндегі Палестина мәселесін ұмыттыруды көздеген Израильдің қастықтарының маңызды бөлімі»,- деді.

Ресей шиіттерінің басшысы лаңкестердің Ирак пен Сирияға қарсы шабуылдарын арттыруымен бір мезгілде Израильдің палестиналық жерлерде қалашықтар құрылысын арттыруын кездейсоқ іс емес деп бағалап: «Өкінішке орай, қазіргі таңда ислам елдерінің мүмкіндіктері мен күші израильдіктердің мүдделерін қорғайтын лаңкестікке қарсы күреске жұмсалуда»,- деді. 

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні  «Палестина интифазасын қолдау» атты алтыншы халықаралық конференцияның ашылу рәсімінде ислам әлемінің бірлігін Палестинаның жеңіске жету жолы деп атады.