Зариф: Сақшылар корпусын лаңкестік деп атаудың Америка үшін еш пайдасы жоқ
(last modified Sun, 26 Feb 2017 03:12:56 GMT )
Ақп 26, 2017 09:12 Asia/Almaty
  • Зариф: Сақшылар корпусын лаңкестік деп атаудың Америка үшін еш пайдасы жоқ

Иран Сыртқы істер министрі: «Американың Иран ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік деп атаудан оларға ешқандай пайда келмейді» деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні СІМ- нің шәһидтерін еске алу рәсімі аясында тілшілерге берген сұхбатта: «Әлем жұртшылығы Сақшылар корпусының лаңкестіктің, әсіресе тәкфирлік лаңкестер мен ДАИШ және "ән-Носрат" топтарына қарсы аймақ елдеріне көп қолдау көрсеткенін мойындап отырған жағдайда бұл жоба Америкада қарастырғалы отыр. Осы ықтималды шара жобаны қолдаушылардың болмысын әшкерелей түседі. Олардың негізсіз әрекеттерінің еш әсері болмайды» деді.

Білікті дереккөздерінің мәлімдеуі бойынша, Американың қауіпсіздік органдарының ескертулерінен кейін Ақ Үй басшылығы Сақшылар корпусын "лаңкестік" деп атамақ болған райларынан қайтқан.

Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның "Ортақ қадам" келісіміндегі міндеттемелерін орындауы негізіндегі өткен күнгі есебі жөнінде: «Иран "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілген алғашқы күннен Американың уәдеге тұрмауына қарамастан, қарсы тараптың міндеттемелерін жүзеге асыруын мақсат етті. Осы уақытқа дейін міндеттемелер мұнай, тасымалдау және банк істері саласындағы санкциялардың күшінің жойылуымен жүзеге асты» деді.

Зариф сондай-ақ Сирияда ымыра орнату мақсатындағы Иран мен Ресей және Түркияның ынтымақтастығына сілтеме жасап: «Аймақтағы барлық елдер ынтымақтастық пен әріптестіктің пайдаларын көбірек түсінуі керек» деді.