Палестина мәселесі Иран мен ислам әлемі үшін үлкен басымдылыққа ие
Теһран жұма намазының құтпагері: "Палестина мәселесі ИИР-ның сыртқы саясатындағы басты мәселе әрі ислам әлемі үшін басымдылыққа ие тақырып саналады",- деді.
Аятолла Мохаммад Әли Моһаведи Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазы құтпаларында Теһранда өткен "Палестина интифазасын қолдау" атты алтыншы халықаралық конференциясына сілтеме жасап: "Исламда күпірлердің мұсылмандар мен ислам елдеріне үстемдік етуі харам саналатыны баса айтылғандай, Палестина халқына қолдау көрсету мен сионистік режимнің басқыншылық әрекеттерімен күресу ИИР-ның сыртқы саясатындағы басты мәселе саналады",- деді.
Моһаведи Кермани Иранның ұлттық мүдделері мен аймақтағы Палестина мәселесінің бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне сілтеме жасап: "Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы жасаған қылмыстары, палестиналықтарды өлтіру, босқыншылық пен оларды өз жерінен шығару ешқашан ұмытылмайды",- деді.
Сондай-ақ, Кермани Палестина жерінде Израильдің жалған режимін құру жоспарына сілтеме жасап: "Белгілі бір заңсыз топқа даралық беру мақсатында еврейлік-сионистік ел құру Ұлыбритания тарапынан жоспарланып, кейін бұл жоспар АҚШ пен кейбір Батыс елдерінің қолдауына ие болды",- деді.
Теһран жұма намазының уақытша имамы сезімтал Таяу Шығыс аймағында заңсыз сионистік режимді құрудағы басты мақсатты аймақтағы мемлекеттер мен исламдық үкіметтерді әлсірету деп атап: "АҚШ пен Ұлыбритания кейбір батыс мемлекеттерінің қолдауымен аймақтағы табиғи және энергия рессурстарын иемдену мақсатында сионистік режимді қатерлі ісік секілді Таяу Шығыстағы исламдық елдердің орталығынан құрды",- деді.