"Велаят-95" әскери-теңіз жаттығуларының соңғы кезеңі басталды
"Велаяте-95" атты Иран Ислам Республикасының әскери-теңіз күштері жаттығуларының соңғы кезеңі жексенбі күні таңертең әскери-теңіз күштері қолбасшысының қатысуымен Иранның оңтүстігіндегі суларында басталды.
"Велаяте-95" атты әскери-теңіз жаттығулары Ормуз бұғазынан бастап Оман теңізіне дейін, Үнді мұхитының солтүстік бөлігі мен экватордан 10 градус аралығындағы шамамен екі миллион шаршы шақырым аумақты қамтиды.
ИИР әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабибулла Сайяри Иранның аймақтағы елдерге бейітшілік пен достық жолдауын жеткізу мен қорғаныстық әлеуетті нығайтуды, аймақтағы қауіпсіздік деңгейін көтеру мен теңіздегі лаңкестікпен күресуді "Велаят-95" әскери-теңіз жаттығуларын ұйымдастырудағы негізгі мақсаттар деп атады.
Иран әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы сенбі күні кешке ИИР Телерадио бірлестігінің бірінші арнасына берген сұхбатында теорияны практика жүзінде қолдануды, жастармен тәжірбие бөлісіп, қару-жарақ пен амуниция түрлерін сынақтан өткізуді "Велаят-95" атты әскери-теңіз жаттығуларын өткізудегі мақсаттар деп атап: "Иранның потенциалы қорғаныстық мақсатқа бағытталған. Иран аймақтағы елдерге көмектесу арқылы аймақ қауіпсіздігінің деңгейін арттыра алатынын жеткізу мақсатында осы әскери жаттығуларды ұйымдастыру арқылы аймақтық көрші елдерге бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізбек.
Иран Үнді мұхиты жағалауы мен Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің барлығымен қарым-қатынас жасайды. Иран Қазақстан, Түркіменстан мен Ресейге әскери кемелер тобын жіберуді жоспарлап отыр. Ал жақын арада Әзірбайжан Республикасы мен Пәкістанның әскери кемелерінің топтарын қарсы алады",- деді.