Сақшылар корпусы америкалық лаңкестікпен күресте маңызды рөлге ие
(last modified Sun, 26 Feb 2017 10:10:51 GMT )
Ақп 26, 2017 16:10 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы америкалық лаңкестікпен күресте маңызды рөлге ие

ИИР Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф: "Бүкіл әлем Ислам революциясы Сақшылар корпусының көршілес елдерге лаңкестікпен күресуде көп қолдау көрсеткенін мойындайды",- деп қуаттады.

Зариф сенбі күні тілшілердің алдында Ислам революциясының Сақшылар корпусын АҚШ үкіметінің лаңкестік тізіміне іліну ықтималдығы туралы болжамдарға реакция білдіріп: "Бұл әрекеттердің АҚШ үшін ешқандай пайдасы жоқ. Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарсы бағытталған кез-келген әрекет АҚШ-ның болмысын бұрынғыдан бетер айқындай түседі» деді.

Иранның жуырдағы зымырандық сынақтары сәтті өткеннен кейін АҚШ-тың Ислам революциясының Сақшылар корпусына қысымы күшейе түсті. Сондықтан Дональд Трамп пен оның командасы Ирандағы бұл халықтық ұйымды лаңкестікке қолдау көрсетеді деген сылтаумен лаңкестік топтардың тізіміне қосуға шешім қабылдады.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы маңызды рөл атқаратын Иранның зымырандық өнеркәсібіндегі джиһадтық саясат осы өнеркәсіпті өркендетіп, Иранның тежеу мүмкіндігін екі есе арттырды. Америкалықтар Иранның зымырандық сынақтары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы келеді деген уәж айтуда. Алайда бұл қарардың мәтінінде ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алатын зымырандар жайлы сөз қозғалған. Иранның зымырандары бұл мақсатта жасалмаған. АҚШ-тың Иранды, әсіресе Ислам революциясының Сақшылар корпусын айыптауы Ақ Үйдің Сирия мен Ирактағы лаңкестікке қарсы соғысында ирандық кеңесшілердің ықпалды рөліне байланысты  туындап отыр. Ислам революциясының Сақшылар корпусы Сирия мен Ирак үкіметтеріне АҚШ өзі құрып, оларды қару-жарақпен қамтамасыз етуде тікелей қатысы бар лаңкестермен күресте әскери кеңесші ретінде көмектеседі.

АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі басшыларының сөздері бойынша, бұл мемлекеттің ДАИШ лаңкестік топын құруда тікелей қатысы бар. Трамп АҚШ-тың бұрынғы үкіметі ДАИШ-ті құруда қатысы болғанын ашық түрде айтқан болатын. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри осы қызметті атқарған күндерінің соңында Вашингтонның ДАИШ-ты Башар Асадты биліктен тайдыру үшін құрып, қаруландырғанын мойындады.

АҚШ-тың лауазымды тұлғаларының ДАИШ-ты құрып, оған қолдау көрсететінін мойындауы  қандай адамдардың лаңкестікті өз мүдделері мақсатында пайдаланатынын дәлеледі. Осындай жағдайларда елдің ішінде де оның шешімдеріне көптеген қарсылыққа тап болған Трамптың уәждері күмәнді. Ислам революциясының Сақшылар корпусының АҚШ үкіметінің лаңкестік топтарының тізіміне ілінуі бұл ел үшін ешқандай пайда әкелмейді. Әсіресе АҚШ-тың қауіпсіздік ұйымдары да Трамптың бұл шешіміне реакция білдіріп, АҚ Үйге бұл әрекеттің салдары жайлы ескерту жасады. Америкалық ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ-тың қауіпсіздік ұйымдарына қарсы шығу арқылы Трамп антимиграциялық жарлығынан кейін  Сақшылар корпусына қатысты екінші жарлыққа асыға қол қоюдан бас тартады. Ислам революциясы Сақшылар корпусының 2016 жылдың алғашқы күндері Парсы шығанағындағы Иран суларында америкалық теңізшілерге қарсы әрекеті америкалықтарға Сақшылар корпусының күш-қуатын көрсетті. Ал АҚШ-тың бос қоқан-лоққылары оны мақсаттарына жеткізбейді.