Иран президенті сейсенбі күні Пәкістанға аттанады
https://itolqyn.com/news/iran-i24688
ИИР президенті Пәкістан премьер-министрінің ресми шақыруы бойынша Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭКО) мүше елдер басшыларының 13-ші саммитіне қатысу үшін сейсенбі күні Исламабадқа аттанады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2017 21:23 Asia/Almaty
  • Иран президенті сейсенбі күні Пәкістанға аттанады

ИИР президенті Пәкістан премьер-министрінің ресми шақыруы бойынша Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭКО) мүше елдер басшыларының 13-ші саммитіне қатысу үшін сейсенбі күні Исламабадқа аттанады.

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммиті 1-ші наурыз күні Исламабадта өтеді. Президент Хасан Рухани аймақтағы осы экономикалық маңызды ұйымға мүше елдер басшыларының алдында Иран ислам республикасының тұрғылары мен көзқарастарын баяндайды. Президент сондай-ақ отырыс аясында қатысушы елдердің бірнеше басшысымен дидарласып, әңгімелесетін болады. Иран президентімен осы екі күндік сапарда бірнеше министр мен президенттің кеңесшілері бірге болады.

Мүше елдердің экономикалық тұрақты дамуының жағдайын жақсарту үшін талпыныс жасап, мүше елдердің адами ресурстарын дамыту үшін бірлескен бағдарлама даярлаумен қатар сауда- саттықтағы кедергілерді біртіндеп жою Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының мақсаттары деп хабарланған.

Иран ислам республикасы, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Әзірбайжан республикасы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше 10 елдің қатарын құрайды.