Иранның Бушер атом стансасында 6 млрд киловатт сағаттан астам қуат өндірілді
Иранның оңтүстігінде орналасқан Бушер атом стансасын пайдалануға беру компаниясы Иранның электр желісіне 6 млрд 200 млн киловатт сағат энергияның берілгенін хабарлады.
Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехидің Бушер стансасын жуықтағы аралауы кезінде отын алмастырудың түрлі сатылары мен стансаны жөндеу, сондай-ақ осы стансаның 2-ші және 3-ші бөлімшелерінің мақсаттарына қатысты қызметі қарастырылды. Бушер атом стансасын пайдалануға беру компаниясының басшылары осы кездесуде Бушер атом стансасының 2016 жылдағы іс-шаралары туралы есеп берді. Сондай-ақ ресейлік мамандар санының осыдан үш жыл бұрынғы шамамен 300 адамнан биылғы жылы шамамен 25 адамға қысқаруы осы есептің маңызды жайттарының қатарында болды.