Американың кедергі келтіруі "Ортақ қадам" келісіміндегі банктік келісімдерді күшіне енгізудің баяу жүруінің себебі
ИИР президенті: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын банк мәселелерінде орындау Американың кедергі келтіруі мен өз міндеттемелерін нақты орындамауына байланысты осы келісімді кейінге қалдырып отыр» деді.
Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның орталық банкінің жыл сайынғы 56- шы жиынында "Ортақ қадам" қалпындағы келісімдердің банк мәселесінен өзге мәселелерде толығымен дерлік орындалып, іске асырылғанын мәлімдеп: «"Ортақ қадамның" банк мәселесіндегі келісімдерінің баяу жүруінің себебі Американың кедергі келтіруі және ірі банктердің қорқуынан туындап отыр» деді.
ИИР президенті сондай- ақ соңғы жылдары қол жеткізілген ең үлкен жетістіктің тұрақтылық пен тыныштықтың Иран нарығына оралуы екенін баяндай келе: «Биылғы жылдың соңына дейін инфляция бағамының көрсеткіші төмендейді» деді.
Рухани сондай- ақ Иран экономикасының өсуі биылғы жылдың соңына дейін алты пайыздан астам болады деген болжам айтты.
Рухани шетелдіктерге акция тапсыруды және ұлттық даму қорының көмегін пайдалануды да ішкі банктерді күшейтудің шешім жолдары деп атады.
ИИР президенті сондай- ақ орталық банктің бас ассамблеясының жыл сайынғы жиыны аясында банк саласындағы жаңа қызмет пен қадағалау құрылғылары көрмесін аралады.