Зариф: Иран ислам республикасы Сауд Арабиясында тұрақтылықтың болғанын қалайды
Иран Сыртқы істер министрі Иран ислам республикасының Сауд Арабиясы мен Парсы Шығанағы өңіріндегі өзге елдерде тұрақтылықты қалайтынын мәлімеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Иран ислам республикасының стратегиялық көзқарасы бойынша аймақтың ынтымақтастық пен ықпалдастықты қажет ететінін айтып: «Қауіпсіздік болмаған аймақта Иран үшін де қауіпсіздік болмайды» деді.
Зариф Иран ислам республикасының ең басынан Йеменде соғысты доғаруды қалағанын қуаттап: «Ислам республикасы осы соғысты доғару үшін барынша талпыныс жасайды. Бірақ, өкінішке орай кейбір елдер, әсіресе Сауда Арабиясы өз мүддесін текетіресуде деп санайды.
Кейбір аймақтық ойыншылар соңғы бірнеше жылда Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы туралы іс қозғап, өздерінің әсірешілдікті қолдау және аймақ елдерінде бейберекеттік тудыратын кейбір шараларына қатысты бүлдіргі саясатын жасыруды мақсат етті.
Қазір ядролық келісімнің жасалуымен олардың бүлдіргі саясатын жапқан перде сыдырылып, олардың алаңдаушылықтары басталды. Сол себепті осы елдер қазір басқа бүлдіргі саясат ұстанып отыр» деді.