Хазірет Фатима Заһраның шәһид болған кешіне арналған рәсім революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен өтті
(last modified Thu, 02 Mar 2017 13:08:25 GMT )
Нау 02, 2017 19:08 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима Заһраның шәһид болған кешіне арналған рәсім революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен өтті

Революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен ислам мәдениетіндегі ең мәртебелі әйел – хазірет Фатима Заһраның шәһид болған кешіне арналған рәсім имам Хомейни атындағы хосейниеде өтті.

Халықтың түрлі топтарынан мыңдаған адам мен бір топ басшы қатысқан осы рәсімде худжат ул-ислам уа ал-муслимин Али ислам пайғамбары мен хазіреттің үрім-бұтағын Алланың рақымшылығының белгісі деп атап: «Пәк имамдар илаһи рақымдылықтың кені болып табылады. Осы нұрлы қайнар көзбен байланыссыз даму мен тура жолға түсу мүмкін емес» деді.

Баяндамашы Құран Кәрімді дұрыс түсіну үшін пайғамбар ұрпағымен байланыс орнату қажеттігіне сілтеме жасап: «Хазірет Фатима Заһра пайғамбарлық пен имамдықты байланыстырудың алқасы болып табылады. Егер ол болмағанда адамзат Жаратушының рақымшылығынан мақұрым қалар еді» деді.

Бүгін, бейсенбі  2017 жылдың наурыз айының екісі, һижри қамари жыл санағы бойынша 1438-ші жылы джамади әс-сани айының 3- ші жұлдызы ардақты пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің аяулы қызы әрі мүміндердің әміршісі Әли Ибн Әбутәліптің жұбайы хазірет Фатима Заһраның шәһид болған күнінің жылдығы болып табылады.

Исламдық Иранның мұсылман халқы тақуалық, инабат пен пәктіктің үлгісі хазірет Фатима Заһраның шәһид болған кешінде хосейниелер мен діни мекендерде, сондай- ақ Иранның солтүстік шығысында орналасқан Машһад қаласындағы хазірет имам Резаның кесенесі мен Теһранның оңтүстігінде орналасқан Құм қаласындағы хазірет Масуменің кесенесіне барып, ардақты пайғамбарымыздың аяулы қызы хазірет Фатиманың мазлұмдықпен шәһид болғанын аза тұтты.

 

 

Тегтер