Рухани: ЭЫО-ның мүшелері ортақ байланыстарды күшейтуге мүдделі
https://itolqyn.com/news/iran-i24832
ИИР президенті аймақтық маңызды бір ұйым ретінде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы мүшелерінің ортақ байланысты күшейтуге мүдделі екендігін қуаттап: «Осы ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, кеңейту үшін ауқымды мүмкіндіктер бар. Соларды пайдалану керек» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 02, 2017 19:16 Asia/Almaty
  • Рухани: ЭЫО-ның мүшелері ортақ байланыстарды күшейтуге мүдделі

ИИР президенті аймақтық маңызды бір ұйым ретінде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы мүшелерінің ортақ байланысты күшейтуге мүдделі екендігін қуаттап: «Осы ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, кеңейту үшін ауқымды мүмкіндіктер бар. Соларды пайдалану керек» деді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке ЭЫО басшыларының саммитіне қатысып, Пәкістаннан оралған соң саммиттің ұйымға мүше елдер арасында түрлі негіздерде байланысты күшейтуді қуаттағанына сілтеме жасап: «ЭЫО басшыларының 13-ші саммитінде мүше елдер арасында жол, темір жол, кеме қатынасы, мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық және сауда-саттықтағы кедергілерді жою қуатталды» деді.

ИИР президенті сондай- ақ өзінің осы отырыс аясында Пәкістан премьер-министрі  және Түркия президентімен өткізген кездесулеріне сілтеме жасап: «Иран, Түркия және Пәкістан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалаушы елдер болып табылады. Осы екі елдің қайраткерлерімен болған кездесуде екі елдің байланыстары мен ынтымақтастықтарына шолу жасалды.

Сирияның бүгінігі ахуалы мен осы елдің келешегін оның халқы шешу керектігі, лаңкестікпен күрес және Иран, Түркия мен Ирак арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейту және Йемен мәселелері мен қиыншылықтары, сондай-ақ, осы елдің мәселелерінің «йемендік- йемендік» сұхбаттасулар арқылы шешілу керектігі де Түркия президентімен кездесуде қарастырылды» деді.

Рухани сондай-ақ Пәкістан премьер- министрімен кездесуде де тараптар арасында игі келіссөздердің өткенін, екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың жай-жапсары мәселесіне шолудың жасалғанын айтып: «Пәкістан премьер-министрімен кездесуде екі жақты келісімдерді орындаудың қажеттілігі, әсіресе банкаралық байланыстарды кеңейту және екі елде банктардың филиалдарын ашу қуатталды» деді.