Иранда хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) шәһид болған күнін аза тұту рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i24840-Иранда_хазірет_Фатима_Захраның_(ғ.с.)_шәһид_болған_күнін_аза_тұту_рәсімі_өтті
Бейсенбі күні имам Хомейнидің хосейниесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) шәһид болған күнін аза тұту рәсімі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 03, 2017 18:24 Asia/Almaty
  • Иранда хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) шәһид болған күнін аза тұту рәсімі өтті

Бейсенбі күні имам Хомейнидің хосейниесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) шәһид болған күнін аза тұту рәсімі өтті.

Хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) шәһид болғанын аза тұту рәсімі ақшам намазынан бұрын ахкам оқумен басталып, азан шақырылғаннан кейін жамағатпен намаз оқып,  Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің құзырында жоқтау айтып, сөз сөйлеумен жалғасты.

Хазірет Фатима Захраның (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығында исламдық Иранның халқы әртүрлі қалаларда, соның ішінде Мешхедтегі шиіттердің сегізінші имамы Әли ибн Мұса әр-Резаның (ғ.с.) кесенесі мен Құмдағы хазірет Фатима Масуменің (ғ.с.) кесенесінде аза рәсімдерін өткізді.