Сардар Хаджизаде: Ирандық зымырандардың өндірісі тоқтамайды
Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы ирандық зымырандардың өндірісінің тоқтамайтынын айтты.
Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы сардар Әмир Әли Хаджизаде сәрсенбі күні кешке Сақшылар корпусының зымырандарды сынақтан өткізуіне қатысты реакциялар тақырыбында өткен телебағдарламада Иранның қорғаныстық және зымырандық мүмкіндігі елдің «қызыл сызықтардың» бірі. Оған қоса Сақшылар корпусының зымырандарды сынақтан өткізу әрекеті "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзбайды" деді.
Сардар Хаджизаде АҚШ-тың Иранның қорғаныстық мүмкіндігіне қарсы екенін және Иранның қауіпсіз болуын қаламайтынын айтып: "АҚШ Иранның зымырандық мүмкіндігін шектеу үшін "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейін өзінің барлық тыңшылық және барлау қызметтерін іске қосып, зымыран және импортталған қос қолданысты бөлшектер мәселелері бойынша өнеркәсіптік диверсия жасауға талпынуда" деп, Сақшылар корпусының бір сәтте жүздеген зымыран ату мүмкіндігіне ие екенін қуаттап: "Иран зымырандық мүмкіндіктер саласында аймақта бірінші алпауыт ел болса, әлемдік деңгейде де озық елдердің қатарында" деді.
Сақшылар корпусының зымырандарды сынақтан өткізуі Иранның қорғаныс күші мен елдің түрлі аймақтарында бірнеше кезеңде қауіп-қатерлерге тойтарыс беруге дайындығын көрсету мақсатында өтті.