Зариф: Иран шаң-тозаң құбылысына тосқауыл қою үшін халықаралық консенсусты қажет етеді
-
Мұхаммад Джавад
Иран Сыртқы істер министрі: «Иран шаң-тозаң дауылдарына тосқауыл қою үшін әлемдік және аймақтық консенсус қалыптастыруға халықаралық деңгейде ауқымды талпыныс жасап отыр» деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда шаң-тозаң ошақтарына тосқауыл қою бойынша стратегиялық комитетінің отырысында: «Өкінішке орай, Таяу Шығыс аймағы деңгейінде қалыптасқан ынтымақтастықтар үдерісі 2011 жылғы, соның ішінде Ирак пен Сириядағы өзгерістерге байланысты тоқтап қалды. Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымымен бірге қол қойған хатты шаң-тозаңға тосқауыл қою жөніндегі әлемдік консенсустың қажеттіліктерін баяндау үшін, сондай-ақ көрші елдерді ынтымақтастыққа көндіруге БҰҰ- ның бас хатшысына жөнелтіледі» деді.

Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы Масуме Эбтекар да осы отырыста БҰҰ- ның бас хатшысына хат жөнелтілетіндігіне сілтеме жасап: «Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан облысындағы шаң-тозаң құбылысы мәселесі көрші елдер мен аймақтағы шаң-тозаң ошақтарының күшеюінен туындап отыр» деді.
