Иранның х.ш.ж.с.б. 1396 жылға арналған жалпы бюджеті бекітілді
https://itolqyn.com/news/iran-i24928-Иранның_х.ш.ж.с.б._1396_жылға_арналған_жалпы_бюджеті_бекітілді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары елдің х.ш.ж.с.б. 1396 жылға арналған жалпы бюджетін бекітті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 06, 2017 14:39 Asia/Almaty
  • Иранның х.ш.ж.с.б. 1396 жылға арналған жалпы бюджеті бекітілді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары елдің х.ш.ж.с.б. 1396 жылға арналған жалпы бюджетін бекітті.

Иран Мәжілісі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары жексенбі күні елдің х.ш.ж.с.б. 1396 жылға арналған жалпы бюджетінің баптары, ескертпелері мен кестелерін отырысқа қатысқан 200 депутаттың 160 оң, 19 теріс және 4 қалыс дауысымен бекітті.

ИИР Президенті Хасан Рухани 2016 жылдың желтоқсан айының 4 күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысына қатысып, депутаттарға Иранның жалпы бюджетінің жобасын ұсынған болатын.

Иранның жалпы бюджетінің жобасы 320 мың млрд тұман (шамамен 300 млрд доллар) деп есептелді. Бұл х.ш.ж.с.б. осы жылдағы амалдардың болжамына сәйкес 8,84 пайыздық өсімді көрсетеді.

Сонымен қатар Иранның жалпы бюджетінің жобасында 1 баррель мұнайдың бағасы 50 доллар деп есептелді.