Қасиетті қорғаныс кезеңі – Иран халқының байлығы
(last modified Mon, 06 Mar 2017 19:09:17 GMT )
Нау 07, 2017 01:09 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныс кезеңі – Иран халқының байлығы

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс кезеңін Иран халқының таза және бағалы мәдени байлықтарының бірі деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі дүйсенбі күні таңертең «Нұр жолындағылар» сапарын ұйымдастырушылар мен қасиетті қорғаныс кезеңіндегі бір топ сарбаз бен жауынгерлерді қабылдауында «Нұр жолындағылар» сапарын қасиетті қорғаныстың байлығы мен алтын кенін пайдалану үшін үлкен және маңызды бастама әрі жаңа технология деп қуаттап: «Жауыздардың мәдени жобаларына тосқауыл қоюдың жалғыз жолы мәдени өнім өндіру және барлық айдындарда қасиетті қорғаныс кезеңінің байлығы мен күшті қайнар бұлағын пайдалану болып табылады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи қасиетті қорғаныс кезеңін Иран халқының тарихын жасаған күндер деп атап: «Қасиетті қорғаныс пен оның сабақтарын ұмытуға ешқашан жол бермеуі керек.

«Зорлықшыға қарсы тұруға деген сенім" және "Егер төзімді болып қарсы тұрсақ, сөзсіз дұшпанды жеңеміз" дегенге сену Иран халқының өзге байлықтары мен мәдени құндылықтарына жатады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи басқыншылық соғыс туралы бір маңызды жайтқа сілтеме жасап: "Өзін осал деп санау дұшпанды шабуыл жасауға ынталандырады. Сондықтан дұшпанды шабуыл жасаудан бас тартқызу үшін өзін осал деп сезінуден аулақ болып, қолда бар қуатты тұстарды көрсетуіміз керек» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай-ақ дұшпандардың жас буынды революция мен имам Хомейниден және құндылықтарды сүюші ұрпақтан Батыс мәдениетіне тәуелді адамдарға өзгертуді жобалап жатқанына сілтеме жасап: «Мәдени жобалаулар қауіпсіздік астыртын әрекеттерден, тіпті әскери қоқан-лоққыдан да қауіпті, өйткені дұшпанның әскери әрекеті ұлтты нығайтып біріктіреді, бірақ мәдени шабуыл талап- жігерді әлсіретеді» деді.