Иран АҚХА-нің әлемдегі ядролық қауіпсіздікті арттырудағы рөлін қуаттады
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі (АҚХА) Иранның тұрақты өкілі әрі Басқармалар кеңесі отырысындағы «77 және Қытай» тобының басшысы Агенттіктің әлемдегі қауіпсіздікті арттыру және техникалық көмектерді ұсыну салаларындағы халықаралық талпыныстарды үйлестірудегі рөлін қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР «77 және Қытай» тобының басшысы ретінде Венада АҚХА Басқармалар кеңесінің дүйсенбі күнгі отырысында осы топтың мәлімдемесін оқыды.
АҚХА-дегі Иранның тұрақты өкілі Реза Наджафи отырыста сөйлеген сөзінде: «Ядролық қауіпсіздікті ең жоғары стандарттарға сай қамтамасыз ету Агенттікке мүше елдердің міндеті. Ядролық қауіпсіздікті арттыру олардың ынтымақтастығына байланысты»,- деді. Ол сондай-ақ мәдени қауіпсіздікті дамытудың маңыздылығына тоқталып: «Мүше елдердің көбі, әсіресе «77 және Қытай» тобына мүше дамушы мемлекеттер Агенттіктен мүше елдердің ядролық қауіпсіздігі, соның ішінде ядролық, радиациялық, сонымен қатар ядролық радиация қауіпсіздігі саласындағы кәсіби-техникалық оқытуға қатысты бағдарламалар ұсынуды сұрады.