АҚШ-тың Йеменге жасаған шабуылынан кейін улы заттар Қызыл теңізге ағып жатыр
(last modified Sun, 20 Apr 2025 12:02:52 GMT )
Сәу 20, 2025 18:02 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Йеменге жасаған шабуылынан кейін улы заттар Қызыл теңізге ағып жатыр

ParsToday - Йемендегі министрлік АҚШ-тың Рас-Иса портына жасаған шабуылының қауіпті салдары туралы ескертті.

Йеменнің Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Ходейда провинциясында орналасқан Рас-Исса портына жасаған аяусыз шабуылдарынан туындайтын экологиялық қауіп туралы ескертті. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, мәлімдемеде: «Бомбалау қоймаларды қиратып, мұнай мен улы заттардың Қызыл теңізге ағуына себеп болды. Бұл экологиялық апатқа әкелуі мүмкін»,- деп айтылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі:  «Теңіз ағзалары улы заттардың төгілу қаупіне ұшырайды; Бұл теңіз жәндіктері мыңдаған йемендік отбасылар үшін азық-түлік көзі болып табылады»,- деп баса айтты.

Бұған дейін түрік ақпарат құралдары елдің Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Йеменнің Рас-Исса портына тоқтаған түрік танкеріне америкалық күштердің портқа жасаған шабуылы салдарынан ауыр зардап шеккенін хабарлаған.

Айта кетейік, Йемендік медициналық ақпарат көздері жұма күні (18 сәуір) америкалық әскери ұшақтардың Ходейда провинциясындағы Рас-Иса мұнай портына жасаған аяусыз шабуылынан порттың кемінде 74 қызметкері мен жұмысшысының шәһид болып, 171-ден астамы жараланғанын хабарлады.