АҚШ-тың адам құқығы мәселесіне қатысты Иранға қарсы сөз айтатын құқығы жоқ
Иранның Жоғары соты адамзат құқығына қарсы әртүрлі қылмыстарды іске асырып отырған америкалықтардың адам құқығы мәселесіне қатысты Иранға қарсы сөз айту құқығының жоқтығын қуаттады.
Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот органдары басшыларының отырысында АҚШ-тың адам құқығы мәселесіне қатысты Иранға қарсы уәж айтуын дағдылы әрекет деп атап: «Вьетнам, Палестина, Ирак, Ауғанстан, Йемен және әлемнің басқа елдерінде АҚШ-тың қолы адам құқығына қарсы әртүрлі қылмыстарға былғанған. Адам құқығы мәселесіне қатысты АҚШ-тың Иранға қарсы мәлімдемелері революцияға қарсы адамдар мен ағымдардың және мұнафық лаңкестік топтың жалған мәліметтеріне сүйенген»,- деді.
Иранның Жоғары соты АҚШ-тың Иранға қарсы уәждерін құнсыз деп атап: «ИИР-на қарсы шабуыл жасау үшін «Мұнафеқин» лаңкестік тобын пайдаланып, бұрынғы тәсілдерді қайталау жауапсыз қалмайды»,- деді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің сенбі күні таңертең жариялаған адам құқығына қатысты жылдық мәлімдемесінде жыл сайынғы үдерісіне сәйкес ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталады.