Рухани: Ирандағы сайлаулар еркін, таза, бәсекелі және демократиялық
ИИР президенті Американың уәждеріне көрсеткен реакцияда: «Иранда өтетін сайлаулар еркін, таза, бәсекелі және демократиялық сипатта. Біздің елде өтетін сайлауларды сынайтындар өз елдеріндегі сайлаулар мен бетпе-бет келіп отырған мәселелерге назар аударуы керек» деді.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті сенбі күні таңертең жарияланған "Адам құқығы" деген жылдық есебінде жыл сайынғыдай Иран ислам республикасына қарсы негізсіз уәждерін, соның ішінде президенттік сайлау туралы сөздерін қайталады.
ИИР президенті Хасан Рухани соған қатысты көрсеткен реакцияда: «Америкадағы 2016 жылғы сайлауға екі тарап та наразы болды. Американың қазіргі президенті Дональд Трамп та сайланғанға дейін сайлаудың таза өтетіндігіне күдік келтірді. Сондықтан америкалықтар өз елдерінде өтетін сайлауларына көбірек қарап, оны түзетуі керек.
Иран халқының 70-73 пайызының дауыс беру орындарына келуі халықтың сайлауға сенетіндігін көрсетеді» деді.