Сақшылар корпусы америкалық кеменің Парсы Шығанағындағы біліксіз әрекетіне жауап берді
Сақшылар корпусы теңіз күшінің жауынгерлік бригада кемесінің қолбасшысы: «Америкалық кеменің Парсы Шығанағындағы біліксіз әрекеті текетірес пен бейберекеттікті өршітіп, орны толмас салдарларға соқтыруы мүмкін» деді.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күшінің бірінші аймағының "Золфағар-112" жауынгерлік бригада кемесінің қолбасшысы адмирал Меһди Һашеми: «Бөгде күштер кемелерінің Парсы Шығанағы мен Ормуз бұғазындағы заңсыз құзырынан кейін ағымдағы наурыз айының төрті, сенбі күні бір америкалық кеме Ормуз бұғазынан өтіп бара жатып, халықаралық маршруттан шығып, аймақтағы Сақшылар корпусы теңіз күшінің бірнеше кемесіне қарай жолын бұрып, біліксіз әрекетте ескерту айтып, ирандық кемелерге 550 метр қалғанға дейін жақындады.
Америкалықтардың осыдан бірнеше күн бұрынғы жалған сөздері мен біліксіз әрекеті олардың сұм мақсаттары мен арандатушылық ниетін аңғартады. Алдамшы ұрандарына қарамастан олардың Парсы Шығанағы мен Ормуз бұғазында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің болғанын қаламайтындығын көрсетті» деді.
Осыдан бұрын бір америкалық басшы «Иранның соғыс кемелері өткен сенбі күні Ормуз бұғазында Америка теңіз күшінің бір әскери кемесіне шамамен 500 метрге жақындап, оны өз бағытын өзгертуге мәжбүрледі» деген уәж айтқан болатын.