Америка басшыларының Иранның сайлауы туралы уәж айтуы – бассыздық
(last modified Thu, 09 Mar 2017 08:36:49 GMT )
Нау 09, 2017 14:36 Asia/Almaty
  • Америка басшыларының Иранның сайлауы туралы уәж айтуы – бассыздық

Иран Ислам кеңесінің төрағасы АҚШ-тың президенттік сайлауы туралы жуырдағы жанжалдардың сайлау кезіндегі алаяқтық туралы қауесеттерге байланысты осы ел халқының наразылықтарына себеп болғанына сілтеме жасап: "Америкалықтардың Иранның сайлауына қатысты наразылық білдіруі – бассыздық",- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани сәрсенбі күні Теһран облысының шығысында орналасқан Семнан облысында сөйлеген сөзінде Исламдық Иранның сайлауды Қасиетті қорғаныс секілді өте қатаң жағдайда  өткізгенін баса айтып: "Иранның дұшпандары, әсіресе америкалықтар, бұл мәселеден хабардар. Олар Иранды мойындайды, алайда кейде осындай бос сөздер айтады",- деді.

Сонымен қатар Әли Лариджани барлық аймақтардың қауіпсіздік дағдарыстармен күресіп жатқанын, бірақ илаһи мейірімнің арқасында Иранда қауіпсіздік жағдайдың орнатылғанына сілтеме жасап: "Кейбір елдер тілдерін безеуі мүмкін, бірақ олар Иранның мықты қарсылас және оған қарсы шығудың қажеті жоқ екенін жақсы біледі. Егер бүгінде Иран Ислам Республикасы аймақта қауіпсіздікке ие болып, жарқырап тұрса, бұл елдің өткен кезеңдердегі күрестерінің нәтижесі",- деді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті "Адам құқықтары" атты өзінің жыл сайынғы баяндамасының бір бөлігінде "Иран президенті Хасан Рухани 2013 жылғы әділетсіз сайлаудың нәтижесінде билік басына келді" деген уәж айтқан болатын.