Лариджани: БҰҰ театр сахнасына айналды
Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің кейбір ұстанымдарын сынға алып: "БҰҰ театр сахнасына айналды. Оның ойыншылары – АҚШ пен оның одақтастары",- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Лариджани Иранның екінші арнасына берген сұхбатында бүгінге дейін мыңдаған йемендік балалардың саудиялық жалдамалылардың қолынан қаза болғанына сілтеме жасап: "Алайда, БҰҰ бұл балалар тек Йемендегі азамат соғысы салдарынан қайтыс болды деп санайды",- деді.
Сонымен қатар Лариджани демократиясыз адам құқықтарының сақталуының мүмкін еместігін айтып: "ИИР аймақтағы демократияның алтын бесігі саналады. Бірақ, соған қарамастан, АҚШ-ға бағынатын адам құқықтары жөніндегі ұйымдар үнемі бұл демократияға күмән келтіріп отырады",- деді.
Лариджани адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашының тағайындалуын Иран үшін негізсіз әрі адам құқықтары жөніндегі кеңестің жарлығына қайшы келетіндігіне сілтеме жасап: "Иранның арнайы баяндамашы тағайындауға қатысты қарсылығы жеке адамға қатысты қарсылық емес",- деп мәлімдеді.