Ғасеми: Иранға қарсы адам құқығы туралы есеп саяси астарға ие
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: «Иран ислам республикасы белгілі бір елдердің саяси мақсат-мүддесі бойынша іріктеліп, дайындаған адам құқығы туралы есепті ресми деп танымайды.
Осы есептің мақсаты бірнеше елдің адам құқығы кеңесіндегі жетекшілігімен Ирандағы адам құқығы жағдайын қаралап көрсету болып табылады. Иранға қарсы адам құқығы жөніндегі есеп Ирандағы адам құқығы жағдайы жөнінде бұрыс мәліметтер мен алдын ала төрелікке негізделіп, жарамсыз дереккөздеріне сүйеніп даярланған» деді.
БҰҰ-ның Иран ісі жөніндегі адам құқығы кеңесіндегі баяндамашысы Асеме Жаһангир Иранға қарсы алғашқы есебінде Ирандағы өлім жазасының саны мен есірткі заттармен күрес үдерісіне алаңдаушылық білдіріп, Теһранды сөз бостандығы мен жеке бас бостандықтарын аяққа таптап отыр деп айыптады.