Әлемдік үстемшілдер барлық салада жер жастанып отыр
Иран ислам республикасы армиясының бас қолбасшысы генерал Салехи: «Иран шетелден әскери жабдықтармен өзін қамтамасыз етуге мұқтаж емес. Жақында "С-300" зымырандық құрылғысынан да үздік модельді өндіреді» деді.
Иран армиясының бас қолбасшысы дивизия басшысы Атаолла Салехи Теһранда армияның қолбасшылық университетінде студенттермен кездесуде: «Иран халқы бүгінде ел тәуелсіздігінің ләззатын әскери күш-қуаттан сезінеді.
Әлемдік үстемшілдер бүгінде өздерінің басқарушылық құрылымы мен көптеген салаларда жер жастанып отыр. Олар жуырда құлайды.
Әлемдік үстемшілдік пен сионизмнің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдері бар, бірақ осы қауіп-қатерлер Ирак пен Сириядағыдай сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс тауып отыр.
Иранның кез-келген қауіп-қатер төндіруші ойға тосқауыл қойып, қарсыласатын әлеуеті бар» деді.