Амир Абдоллаһиан БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілімен телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Сирия дағдарысының шешілуін осы елдің жер біртұтастығы, тәуелсіздігі мен ұлттық бірлігіне құрмет көрсетуге байланысты екенін айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпараттық дипломатия орталығының мәлімдеуі бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Амир Абдоллаһиан сәрсенбі күні кешке БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стеффан ди Мистурамен телефон арқылы сұхбатта лаңкестікпен күрес және саяси үдерісті қадағалауда реалистік қатынас жасау қажеттілігін, сондай-ақ, лаңкестік топтардың нығаюына соқтыратын іс-әрекеттерге қатысты сақтық танытудың қажеттігін қуаттады.
Телефон сұхбатында екі тарап соңғы өзгерістер мен наразылардың Женевада Сирия үкіметімен келіссөздерінің жағдайы туралы кеңесіп, пікір алмасты.
Осындай жағдайда БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі осы елдегі көмек жеткізу үдерісінің жалғасып жатқанына ризашылық білдірумен қатар, жауласушы тараптар арасындағы бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңінің 14 наурыз күні басталатынын мәлімдеді.