Лариджани: Сионистер мен олардың одақтастары қарсыласу өзегіне қарсы сап түзеді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы аймақтың қарсыласу өзегіне жататындар мен жатпайтындар сахнасына айналғанын айтып: «Қарсыласу өзегінің алдында үстемшілдерден тұратын сап түзелді. Сионистер мен олардың одақтастары осы саптың қатарында»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда «Жанпидалық салтанаты» деп аталатын халықаралық конгресте Ирак пен Сириядағы дағдарыстың қарсыласу өзегіне жататындар мен жатпайтындардың текетіресінен туындап отырғанын айтып: «Шәһидтердің аналары мен жанұялары олар қалдырған мұраға ортақ.
Шәһидтердің аналары осы адамдарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарған. Егер жанұяда джиһад пен моджаһедат рухы болмағанда, мұндай ерлік орын алмас еді»,-деп баса айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы қазіргі әлемде адамдардың жанпидалық пен шәһид болудың негізгі ұғымынан алшақтап кеткенін айтып: «Мұсылмандар ислам діні ұлыларының қазіргі өмірге жанпидалық пен шәһид болу ұғымын енгізгенін мақтан тұтады»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, шәһидтердің аналары мен жұбайларын құрметтеу рәсімінде шәһидтердің аналарына, соның ішінде Ливан Хезболласының құрамында шәһид болған Эмад Мағниенің анасына алғыс айтып, құрмет білдірді.