Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың кейбіреуін амнистияға жіберуге немесе сот үкімін жеңілдетуге келісті
https://itolqyn.com/news/iran-i25196-Ислам_революциясының_жетекшісі_сотталғандардың_кейбіреуін_амнистияға_жіберуге_немесе_сот_үкімін_жеңілдетуге_келісті
Иран Ислам революциясының жетекшісі елдің Жоғары сотының кейбір сотталғандарды амнистияға жіберу немесе сот үкімін жеңілдету туралы ұсынысымен келісті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 14, 2017 13:09 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың кейбіреуін амнистияға жіберуге немесе сот үкімін жеңілдетуге келісті

Иран Ислам революциясының жетекшісі елдің Жоғары сотының кейбір сотталғандарды амнистияға жіберу немесе сот үкімін жеңілдету туралы ұсынысымен келісті.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджанидің хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнінің жылдығы және Наурыз мейрамының келуіне орай 2017-ші жылдың наурыз айының 19-на дейін сот шешімі нақтыланған кейбір сотталғандарды амнистияға жіберу  немесе  сот үкімін жеңілдету туралы ұсынысына келісімін берді.