Иран БҰҰ-ның UNFPA қорымен ынтымақтастық жасауға әзір
https://itolqyn.com/news/iran-i25200-Иран_БҰҰ_ның_unfpa_қорымен_ынтымақтастық_жасауға_әзір
Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның жаңа демографиялық саясаттарды реттеу мақсатында БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорымен (UNFPA) ынтымақтастық жасауға әзір екенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 14, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-ның UNFPA қорымен ынтымақтастық жасауға әзір

Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның жаңа демографиялық саясаттарды реттеу мақсатында БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорымен (UNFPA) ынтымақтастық жасауға әзір екенін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы (UNFPA) қорының Ирандағы жаңа өкілі Лейла Сиджи Джоданмен кездесуінде: «БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы (UNFPA) қорының жаңа өкілінің Теһранда орналасуы  Иран үшін аталмыш қордың жаңа жобаларымен ынтымақтастық жасауда жақсы мұрсат әрі аймақтың басқа елдеріне де ынтымақтастықтың жақсы үлгісі болады»,- деді. Зариф Иран мен БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорымен жақсы ынтымақтастықтың бұрынғы кезеңіне тоқталып, Иранның исламдық мемлекеттердегі мәдени құндылықтарға сүйеніп, бұл қормен ынтымақтастығын арттыратынын қуаттады.

БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорының Ирандағы жаңа өкілі Лейла Сиджи Джодан да Теһрандағы құзырын екіжақты ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін жақсы мұрсат деп бағалап: «БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қоры демографиялық саясаттарға қатысты Иранның стратегиясын қолдайды»,- деді.