Иран БҰҰ-ның UNFPA қорымен ынтымақтастық жасауға әзір
Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның жаңа демографиялық саясаттарды реттеу мақсатында БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорымен (UNFPA) ынтымақтастық жасауға әзір екенін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы (UNFPA) қорының Ирандағы жаңа өкілі Лейла Сиджи Джоданмен кездесуінде: «БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы (UNFPA) қорының жаңа өкілінің Теһранда орналасуы Иран үшін аталмыш қордың жаңа жобаларымен ынтымақтастық жасауда жақсы мұрсат әрі аймақтың басқа елдеріне де ынтымақтастықтың жақсы үлгісі болады»,- деді. Зариф Иран мен БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорымен жақсы ынтымақтастықтың бұрынғы кезеңіне тоқталып, Иранның исламдық мемлекеттердегі мәдени құндылықтарға сүйеніп, бұл қормен ынтымақтастығын арттыратынын қуаттады.
БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қорының Ирандағы жаңа өкілі Лейла Сиджи Джодан да Теһрандағы құзырын екіжақты ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін жақсы мұрсат деп бағалап: «БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы қоры демографиялық саясаттарға қатысты Иранның стратегиясын қолдайды»,- деді.