Джабери Ансари: Иран қарулы күштерінің жаттығуы «Ортақ қадам»- жан- жақты бағдарламасына қайшы емес
https://itolqyn.com/news/iran-i2524-Джабери_Ансари_Иран_қарулы_күштерінің_жаттығуы_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасына_қайшы_емес
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иран қарулы күштерінің жуықта өткен жаттығуы мен сонда қолданылған қарулардың Иранның «Ортақ қадам»- жан- жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайшы еместігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 10, 2016 22:33 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Иран қарулы күштерінің жаттығуы «Ортақ қадам»- жан- жақты бағдарламасына қайшы емес

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иран қарулы күштерінің жуықта өткен жаттығуы мен сонда қолданылған қарулардың Иранның «Ортақ қадам»- жан- жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайшы еместігін қуаттады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари кейбір Батыс дереккөздерінің Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының жаттығуы туралы сөздеріне көрсеткен реакциясында: «Бұл жаттығу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231- ші қарарына қайшы емес және осы қарарды бұзады деген уәж қабылдауға келмейді. Жаппай өлтіретін қаруларға, соның ішінде ядролық қаруларға Иранның наным- сенім негіздемелері мен қорғаныс доктринасында еш орын жоқ. Иранның жақын, орта әрі ұзақ қашықтыққа қолданылатын барлық қарулары, соның ішінде баллистикалық зымырандары мен дәстүрлі қорғаныс жабдықтары қорғаныс үшін өндірілген әрі ядролық оқ тұмсықтарды жүктеу қабілеті үшін жобаланбаған. Иран қауіпсіздік және өзінің қорғаныстық әлеуеті туралы ешқашан бітімге келмейді. Иран өзінің қорғаныстық зымырандық заңды бағдарламасын халықаралық міндеттемелері бойынша жалғастырады» деп қуаттады.