Көрші елдермен қарым-қатынасты кеңейту – Иранның сыртқы саясатының негізгі бағдары
ИИР Сыртқы істер министрі Һ.қ.ж.с. бойынша 1395- ші жылды мемлекет үшін сыртқы саясат саласындағы табысты жыл деп сипаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф бүгін сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта 1395-ші жылы өзінің Азия, Африка және Латын Америкасына жасаған 58 сапары мен 84-тен астам шетелдік саяси делегацияның Иранға келгеніне сілтеме жасап: «СІМ- нің бағдарламалары жан-жақты барлау саясатына негізделген.
Көршілес мұсылман елдер және Иранмен ұқсас әрі бағыттас көзқарасқа ие мемлекеттер Иранның сыртқы саясатында ерекше орынға ие» деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сөзінің жалғасында көрші елдермен байланыс орнату мен қарым- қатынасты кеңейтудің Иран үкіметі үшін маңыздылығын қуаттап, ИИР президенті Хасан Руханидің Кувейт пен Оманға жасаған жуықтағы сапарының осы бағытта іске асқанын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ аймақтық тақырыптардың 1395-ші жылы елдің дипломатиялық аппаратының көп уақытын алғанын мәлімдеп: «Қазіргі кезде Иран Сирия дағдарысын шешуде саяси шешім жолын табудағы негізгі үш діңгектің бірі болып табылады» деді.