Наурыз мерекесі әлемнің 31 мемлекетінде тойланады
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі басқа елдерге өнер және мәдени топтарын жіберу арқылы әлемнің 31 елінде Наурыз мерекесіне арналған фестивальдер өткізеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі: "Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің Шетелдегі ирандықтар жөніндегі бас департаменті х.ш.ж.с.б. 1396 жылдың Наурыз мерекесіне арналған фестивалін әртүрлі елдерге өзінің өнер және мәдени топтарын жіберу арқылы өткізеді",- деді.
ИИР Мәдениет және исламдық бағдар министрілігінң хабарлауынша, жыл сайын ирандық күнтізбе бойынша Жаңа жылдың басталуына орай Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін Наурыз мейрамына арналған фестиваль 1396 жылы да 31 мемлекетте өткізіледі. Ирандық 28 музыкалық, әзіл-сықақ, мәдени, өнер және ұйымдастырушы топ Швеция, Дания, Финляндия, Норвегия, Босния, Оңтүстік Африка, Филиппин, Қазақстан, Таиланд, Әзірбайжан Республикасы, Үндістан, Түркия, Ресей елдеріне жіберіледі.
Х.ж.с.б. фарвардиннің бірінші жұлдызы, сәйкесінше наурыздың жиырмасы күні Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ирак, Әзірбайжан Республикасы мен Түркияда Наурыз мерекесі басталады.