Иранның Оңтүстік Кореяға экспорттайтын шикі мұнайының мөлшері 54 пайызға артты
Нау 17, 2017 16:10 Asia/Almaty
2017-ші жылдың ақпан айында өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда Иранның Оңтүстік Кореяға экспорттайтын шикі мұнайының мөлшері 54 пайызға артты.
Оңтүстік Корея кеденінің мәліметі бойынша, бұл мемлекет ақпан айында Ираннан күніне 427 800 баррель мұнай сатып алды. Иранның шикі мұнай экспорты бұл елге қарсы халықаралық санкциялардың күші жойылғаннан кейін артты.
Жуырда Иранның Мұнай министрі Иранның шикі мұнай экспортының күнделікті мөлшерінің үш миллион баррель болып тіркелгенін, керісінше Оңтүстік Кореяның Сауд Арабиясынан алатын мұнай мөлшерінің өткен айда 3,1 пайызға төмендегенін мәлімдеді.
Тегтер