Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 18 Mar 2017 09:40:50 GMT )
Нау 18, 2017 15:40 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Халықаралық қауымдастықтың әлемдегі, соның ішінде Мьянмадағы мұсылмандардың өлтірілуі мен Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатысты үнсіздігіне байланысты халықаралық ұйымдар адам құқықтарын қорғаушы ретіндегі беделінен айрылды",- деді

Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпагері аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің Иранға қарсы жөнсіз уәждеріне сілтеме жасап: "Иранның аймақтағы лаңкестікке қолдау көрсетуі туралы уәж саудиялықтардың Йеменнің мазлұм халқына қарсы екі жылдық зорлық-зомбылығы мен сол елде бала өлтіріп, қан төгіс жасап жатқан жағдайда айтылып отыр",- деді.

Аятолла Мовахеди Кермани саудиялық басшыларға қаратып: "Осындай көптеген қылмыстар, зұлымдық пен қанауды жалғастыру арқылы мемлекеттеріңді құрдымға жеткізесіңдер",- деді.

Аятолла Мовахеди Кермани кейбір батыс және араб елдерінің аймақтағы адам құқықтарын қорғау туралы уәждерін ұят нәрсе деп атап: "Өздері адам құқықтарын бұзушы болып табылатын кейбір мемлекеттер өздерін әлемде адам құқықтарын арттырушы деп атауда",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері жуырда Иранда өткізілетін сайлауға сілтеме жасап, бұл сайлауды Иран халқы үшін үлкен сынақ және илаһи аманат деп атап: "Иран халқы осы сайлауда лайықты үміткерге дауыс беруі керек",- деп баса айтты.