Иранның Еуропаға мұнай экспорты артады
Нау 18, 2017 19:17 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрінің орынбасары Али Кардар Иранның Еуропаға мұнай экспортының күніне 500 000 баррельден алдағы екі айда күніне 800 000 баррельге артатынын хабарлап:
«Иранның мұнай өндірісі 1396 жылдың фарвардин айының соңына дейін (2017 жылдың сәуір айының жиырмасы) күніне төрт миллион баррельге жетеді» деді. Ол Иранның санкциялар жойылғаннан кейін мұнай экспортының жаңа нарықтары туралы айтқан сөзінде: «Британдық Shell компаниясы Ираннан 2 тиелім, француздық "Total" компаниясы екі миллион баррельдік 2 тиелім, италиялық Eni компаниясы да екі миллион баррельдік 2 тиелім сатып алды» деді.
Тегтер