Лариджани: Аймақ түйткілдерінің шешімі көршілес елдердің серіктестігіне байланысты
(last modified Sat, 18 Mar 2017 14:24:23 GMT )
Нау 18, 2017 20:24 Asia/Almaty
  • Лариджани: Аймақ түйткілдерінің шешімі көршілес елдердің серіктестігіне байланысты

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы аймақ елдеріне жолдаған наурыздық құттықтауында «Аймақ өзгерістері мен алдымыздағы тұрған түйткілдердің шешімі және қоқан-лоққылармен қарсыласу барлық елдердің, әсіресе көршілес елдердің сындарлы серіктестігі мен ынтымақтастығына байланысты» деді.

Иран Мәжілісінің хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани сенбі күні Әзірбайжан республикасы, Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ирак, Түркия және Өзбекстан елдері мәжілістерінің төрағаларына жеке-жеке жазған хатта  оларды келе жатқан ежелгі наурыз мерекесімен құттықтады.

Али Лариджани аймақ халықтарына табыс пен даму және әділет тілеумен қатар: «ИИР қауіпсіздік орнату, дамуға қол жеткізіп, экономикалық, саяси және мәдени жан-жақты даму үшін көршілес елдермен өзара құрметке негізделген кез келген  аймақтық серіктестікті қолдайды. Мәжілісаралық сұхбаттар тұрақты қауіпсіздік қалыптастырып, достық байланыстардың тереңдей түсуіне ұластырады» деді.  

Хижри шамси күнтізбесі бойынша жылдың алғашқы күні – наурыз (фарвардин айының бірі, сәйкесінше, наурыз айының жиырмасы) ирандықтардың жаңа жылының мерекесі басталатын күн.