Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайтып оралуға дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i25394
ИИР Сыртқы істер министрі: «Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Иран өзінің міндеттемелеріне берік, оны бұзбайды. Бірақ, егер АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жалғастыру ирандықтардың ұлттық мүдделеріне қайшы болатын жағдайға жеткізсе, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайтып оралуға дайын»,- деп ескертті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 21, 2017 18:20 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайтып оралуға дайын

ИИР Сыртқы істер министрі: «Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Иран өзінің міндеттемелеріне берік, оны бұзбайды. Бірақ, егер АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жалғастыру ирандықтардың ұлттық мүдделеріне қайшы болатын жағдайға жеткізсе, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға қайтып оралуға дайын»,- деп ескертті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Исфаһанда сөйлеген сөзінде: «Өткен екі айда Иранның ядролық ғылымммен айналысатын ғалымдарының жоғары мүмкіндіктері мен талпыныстарының арқасында ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бекітілген кезде тек бір идея болған Иранның ең дамыған центрифугасын эксплуатациялық кезеңге жеткізді.

Бұл центрифугалардың уран байыту мүмкіндігі  бұрынғы центрифугалармен салыстырғанда шамамен 20 есе жоғары. Ислам революциясының жетекшісі  мен Иран Президентінің бейбіт мақсаттағы ядролық энергия саласындағы ақыл-кеңестері  мен жолдаулары екінші жақ келісімді бұзған жағдайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру тоқтатылып, бұрынғы жағдайға оралып, бұрынғыдан күштірек болуға мүмкіндік тудыруда»,- деп баса айтты.