Рухани: Наурыз мерекесі тойланатын аймақтағы бейбітшілік пен бірлік – халықтардың қалауы
https://itolqyn.com/news/iran-i25396-Рухани_Наурыз_мерекесі_тойланатын_аймақтағы_бейбітшілік_пен_бірлік_халықтардың_қалауы
ИИР Президенті жеке-жеке жолдауларында хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1396-шы жылдың келуі және Наурыз мейрамымен Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан және Өзбекстан елдерінің басшыларын құттықтады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 21, 2017 18:39 Asia/Almaty
  • Рухани: Наурыз мерекесі тойланатын аймақтағы бейбітшілік пен бірлік – халықтардың қалауы

ИИР Президенті жеке-жеке жолдауларында хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1396-шы жылдың келуі және Наурыз мейрамымен Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан және Өзбекстан елдерінің басшыларын құттықтады.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани Наурыз мерекесін тойлайтын 11 елдің басшыларына жіберген жеке жолдауларында Наурызды қыстан кейін келетін үмітке толы табиғаттың ең әдемі мейрамы деп атап: «Бұл мереке – Ұлы Алланың адамға сыйлаған тыныштық, жылулық пен жарық, молшылық пен балаусалығының белгісі.

Наурыз мерекесі тойланатын аймақтағы бейбітшілік пен бірлік – халықтардың қалауы. Бүгінгі әлем басқа уақыттан көбірек махаббат пен достық сыйлайтын, мемлекеттерді бір-біріне қарсы тұрудың орнына келісімге шақыратын үмітті қажет етеді. Халықтар үміт, бейбітшілік және тыныштыққа сүйеніп, бірлік пен келісімге келіп, лаңкестікпен қарсыласа алады»,- деп қуаттады.