Ресей Сирия келіссөздерінде күрдтердің болуы қажеттігін қуаттады
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сирия келіссөздерінде сириялық күрдтерге қарасты саяси күштердің қатысуын қалайтынын білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеше, бейсенбі күні сириялық оппозиция жетекшілерінің бірі Ранда Кассиспен кездесіп, Сирияның бейбіт келіссөздерінде осы елдің барлық саяси күштерінің, соның ішінде сириялық күрдтер топтарының қатысуы қажеттігін қуаттады.
Ресейдің Сыртқы істер министрі: «№2254 қарарға сәйкес және Сирияны демеушілердің халықаралық тобының Мюнхендегі отырысында қол жеткізілген келісімдер бойынша Мәскеу мен Вашингтонның келісімдерін қабылдайтын барлық оппозиционерлік саяси топтар келіссөздерге қатысуы тиіс»,-деді.