Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы Иранда жақында өтетін сайлауларға халықтың жаппай қатысу қажеттігін қуаттап: "Халықтың сайлауларға жаппай қатысуы Иран Ислам революциясы болмысының қырын нығайта түседі",- деді.
Худжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында х.ш.ж.с.б. жаңа 1396 жылдың басталуымен құттықтап, Иранда өткізілетін сайлауларға сілтеме жасап: "Сайлау әрдайым Иран Ислам Республикасы жүйесіндегі негізгі тіректердің бірі болған. Себебі, Ислам республикасы жүйесінің негізі халықтың билігі мен халықтың ерік-жігерінің көрінісі болып табылады.
Иранда сайлаулардың өткізілуі Иран Ислам Республикасы жүйесінің халықтығының жалғасуының дәлелі",- деп баса айтты.
Теһран жұма намазының құтпагері Ислам революциясы жетекшісінің 1396 жылды "Экономикалық қарсыласу: өндіріс және жұмыспен қамту" жылы деп атауына сілтеме жасап: "Қарсыласу экономикасын жүзеге асыруға байланысты революция жетекшісінің айтқан нұсқауларына көңіл аударсақ, қиындықтардың шешімі экономика мен өз-өзіне жеткіліктілік салаларында жатыр",- деді.
Сонымен қатар Казем Седдиқи мәдени және экономика салаларындағы Иран халқы дұшпандарының астыртын әрекеттеріне сілтеме жасап: "Дұшпандар мәдени басқыншылық, экономикалық қысым мен санкциялар арқылы халықты исламдық жүйеден көңілдерін қалдыруға талпыныс жасауда. Бірақ Иранның революцияшыл халқы әрдайым Ислам революциясының құндылықтарына берік болып қалады",- деді.