Иран БҰҰ-ның адам құқықтары механизмдерін теріс пайдалануын сынады
Иран СІМ-нің Ақпарат хатшысы: «Женевада Адам құқықтарына қатысты қарардың бекіту арқылы БҰҰ-ның Ирандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы міндетінің мерзімін создырту әрекеті саны шектеулі мемлекеттердің БҰҰ-дағы адам құқықтары механизмдерін теріс пайдалануының айқын белгісі» деп қуаттады.
Иран СІМ Ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жұма күні аймақ пен әлемдегі адам құқықтарын бұзушылардың азғана дауыстарына сүйене отырып, Ирандағы Адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашының міндетінің мерзімін создыруына сілтеме жасап: "Саяси оппозиция мен бүлдіргі және сәтсіздікке ұшыраған тәсілді басқа елдерге қысым жасау арқылы таңу БҰҰ-дағы адам құқықтарын қорғау жүйесінің беделін әлсірете түсті.
Иран секілді тәуелсіз елдердің бейнесі мен адам құқықтарын бұзу жайттарын, соның ішінде адамзат баласы мен әлем және аймақтағы соғыс қылмыстары, қатігездікпен адам өлтіруді бүркемелеу Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарарды бекітудегі негізгі мақсаттар болып табылады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің көпшілігінің бұл қарарды қолдамауы Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарарда көрсетілген жайттардың шындыққа жанаспауы мен қарардың кәсіби қолдаудан кенделігін білдіреді",- деді.