Күрдістан облысында "BAREZ" дөңгелек жасау кешені пайдалануға берілді
(last modified Sat, 25 Mar 2017 16:48:06 GMT )
Нау 25, 2017 22:48 Asia/Almaty
  • Күрдістан облысында

Күрдістанның "BAREZ" дөңгелек жасау кешені Иран президентінің қатысуымен Иранның батысындағы Күрдістан облысының Деһгалан қаласында ашылып, пайдалануға берілді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша, Хасан Рухани сенбі күні Күрдістан облысына жасаған сапарында Күрдістанның "BAREZ" дөңгелек жасау кешенін ашумен қоса, осы кешеннің өндіріс және басқа бөлімдерін аралап, Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаденің есеп беруімен осы кешенді салу үдерісі мен оның өнімдерімен танысты.

Күрдістанның "BAREZ" дөңгелек жасау кешені 600 млрд тұман және 94 евро инвестициямен салынды. Кешенде 960 адам тікелей жұмыспен қамтылса, 10 000 адам жанама түрде жұмыс істейтін болды.

Осы кешенде жылына 44 мың тонна (6 млн алқа дөңгелек) түрлі көліктердің дөңгелектері өндірілетін болады.

Президент Хасан Рухани Сәнандаж әуежайына келген кезде сөйлеген қысқа сөзінде Күрдістан облысына сапар шеккеніне қуаныш білдіріп, осы сапарды маңызды деп бағалап: «Бір күндік сапарда 21 маңызды жоба ашылу үшін әзірленіп, 3 маңызды жобаның басталғаны жарияланады» деді.

Президент бір күндік сапарының соңғы бағдарламасын Күрдістан жастарымен отырыс өткізу деп мәлімдеді.