Иран барлық елдермен әріптестік жасауға дайын
Иран Президенті аппаратының жауапты тұлғасы Ұлыбританияның Инвестиция және сауда министрі-кеңесшісімен кездесуінде: «Иран өзінің экономикалық болашағына атсалысып, инвестиция салғысы келетін барлық елдермен әріптестік жасауға дайын»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті аппаратының жауапты тұлғасы Мұхаммад Нахавандиан бейсенбі күні Ұлыбританияның Инвестиция және сауда министрі-кеңесшісі лорд Франсис Модпен кездесіп, Иран экономикасының алдындағы жаңа бағытты сипаттап, Иран үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі жоспарларында қалыптасқан экономикалық мүмкіндіктерді әріптестіктің жаңа мұрсаттары деп атап: «Баршаға зиян тигізген санкциялар алынып тасталғаннан кейін Иран өзінің экономикалық болашағына атсалысып, инвестиция салғысы келетін барлық елдермен әріптестік жасауға дайын»,-деді.
Осы кездесуде Ұлыбританияның Инвестиция және сауда министрі-кеңесшісі лорд Франсис Мод Иранға қарсы санкциялардың жойылғанына қуаныш танытып, экономика саласында жақсы келісімдермен аяқталған өзінің Иранға сапарына ризалық білдірді: «Біз ерекше жағдайға ие болуына байланысты Иранмен экономикалық әріптестікті өте қатты бағалаймыз және әртүрлі салалар бойынша әріптестікті дамытуға ынталымыз».