Джазайери: АҚШ Парсы шығанағындағы кемелерін қатаң бақылауға алғаны жөн
ИИР Қарулы күштерінің жоғары ақпарат өкілі: "АҚШ Парсы шығанағындағы өз кемелерінің әрекеттерін бұрынғыдан қатты қадағалауы тиіс",- деп қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауына сәйкес, қолбасшы, бригада генералы сейіт Масуд Джазайери: "Америкалық ақпарат көздерінің ирандық кемелердің кәсіби емес әрекеттеріне байланысты жариялағаны хабары шындыққа жанаспайды. Бұл хабарлар жалған мәлімдемелерге негізделген немесе басқа мақсаттарды көздейді.
Парсы шығанағындағы кез-келген тынышсыздыққа америкалықтар кінәлі болмақ. Сол себепті, америкалық әскерилерге өз әрекеттерін өзгерту керектігін тағы ескертеміз»,- деп қуаттады.
Бұдан бұрын Сақшылар корпусы теңіз күштерінің бірінші аймақтағы 112-ші «Зульфақар» флотилиясының қолбасшысы да бір америкалық кеменің Парсы шығанағындағы кәсіби емес әрекетіне реакция білдірген болатын.