Жаһангири Американың Иранға қарсы жаңадан санкция салуы ықтималына реакция білдірді
(last modified Sun, 26 Mar 2017 15:24:10 GMT )
Нау 26, 2017 21:24 Asia/Almaty
  • Жаһангири Американың Иранға қарсы жаңадан санкция салуы ықтималына реакция білдірді

Иран президентінің бірінші орынбасары Американың Иранға қарсы жаңадан санкция салуы ықтималына реакция көрсетіп: «Осы тақырып Иран үкіметі мен СІМ- інде қарастырылады. Егер "Ортақ қадам" келісімі бұзылса, Теһран тиісті реакция көрсетеді» деді.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири жексенбі күні Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранға қарсы жаңа санкциялар салу "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасын бұзу болмаса да, халықаралық кеңістікте Американы абырой-беделден жұрдай етеді» деді.

Иран экономикасының қарсыласу саясатымен күннен күнге күшейіп келе жатқанын қуаттаған Жаһангири: «Иран ислам республикасы тұтастық және бірлікпен осы уақытқа дейін ең үлкен санкцияларға қарсы тұрып, төзімділік танытты» деді.

АҚШ Сенатындағы республикалық және демократ партиясының бірнеше мүшесі Иранға қарсы санкцияларды күшейту негізіндегі заңның алғашқы нұсқасын ұсынды.

Осы заңның алғашқы нұсқасы Иранның зымырандық бағдарламасымен қатысты әрі жеке және құқықтық тұлғаларға қарсы санкция салу сияқты шаралардан тұрады.