Иран Люксембург сотының жуырдағы шешіміне наразылық танытты
Иранның Орталық банкі Люксембург сотының Иранның активтерін тәркілеу жөніндегі жуықтағы шешіміне наразылық танытты.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Орталық банкі жексенбі күнгі хабарламада осы шараға тосқауыл қою үшін Орталық банктің президент әкімшілігінің халықаралық құқықтық істер орталығының ынтымақтастығымен наразылық таныту және қайтадан қарау мүмкіндігін барынша пайдаланатынын мәлімдеді.
Люксембургтің бір судьясы Батыстың АҚШ жетекшілігіндегі Иранға қарсы өшпенді саясатының жалғасында сол елдегі Иран ислам республикасының Орталық банкіне тиесілі байлықтың бір млрд 600 млн долларын тәркіледі.
Орталық банк осы хабарламада Американың Иран үкіметіне қарсы лаңкестік деп атаған шешімін әртүрлі қырынан алып қарағанда да халықаралық құқық пен ережені бұзу екенін қуаттап: «Бұл үдеріс үкіметтердің халықаралық құқық иммунитетін бұзумен қоса, 1955- ші жылғы Иран мен АҚШ үкіметі арасындағы достық және экономикалық байланыс пен консулдық құқық уағдаластығына қайшы келеді» деп мәлімдеді.